Жансая Әбдімәлік тағы да жеңіске жетті
Жансая Әбдімәлік тағы да жеңіске жетті
151
оқылды
Халықаралық деңгейдегі шебер Жансая Әбдімәлік шахматтан әлемнің бірінші чемпионы атанған Вильгельм Стейницті еске алуға арнал­ған блиц-шахматтан FIDE Online Steinitz Memorial 2020 онлайн жарысына қатысты. Ол ойынның екінші күніндегі партияларын сәтті өткізіп, 2-орынды иеленді. Бұл ту­ралы Prosports.kz сайты жа­рия­лады. Жансая өткізілген алты пар­­­­тияның ішінде қытайлық Лэй Тинцзе мен Тань Чжонъи, Болгария спортшысы Антоанета Стефанова, ресейлік Александра Костенюк және франциялық Мари Себагты жеңіп, бес рет үздік атанды. Тек сегізінші жарыста 20 жас­тағы қазақстандық шахматшы екінші күннің қорытындысы бойын­ша әйелдер арасындағы ті­зім­де Ресей спортшысы Екате­ри­на Лагнодан ұтылды. Ол 8 ұпай­мен алға түсіп кеткен. Жансая Әбдімәлік 7,5 ұпай санымен Костенюк және Тань Чжонъимен бірге 2-орынға шықты.  

Н.ЕРЖАНҚЫЗЫ