«Бүгінде Қазақстанда уақытында тіркеуден өтпеген, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен келген көліктер мәселесі бар. Мәселен, Ресей мен Қырғызстанда қазақстандықтар көлікті сенімхат бойынша алады. Демек, іс жүзінде олар көліктің иесі. Олар көлікті Қазақстанда тіркеусіз пайдаланып жүр. Ал Арменияда қазақстандықтар Қазақстан заңнамасын бұзып, техникалық құжат рәсімдеп жатыр. Көбі елге келген көлікті тіркеуден өткізбейді. Бас прокуратураға осы мәселені шешуге тапсырма беремін. Мәселені шешу үшін Үкімет бір ай ішінде бір реттік тәртіппен 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының ЕЭО-дан жеке пайдалану үшін әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі керек», – деді Қазақстан Президенті.