Коронавирус бүйрек жұмысын бұзады
Коронавирус бүйрек жұмысын бұзады
© inform.kz
112
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің бүйрегінің зақымдалғаны анықталды. Бұл жайлы толығырақ қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді. «Коронавирус инфекциясы үдететін аурудың бірі – бүйректің қатты зақымдануы. Нұр-Сұлтан қаласында мұндай жағдай тіркелді. Ондайда салалық мамандардың тартылуымен консилиум өткізіліп, диагностика мен емдеудің жоғары технологиялы амал-әдістері қолданылады. Кездесетін мұндай қауіпті жағдайдағы бұл амалдардың оң әсер берген жағдайы мол. Бүйректің зақымдану жағдайы Қазақстанда, біздің Нұр-Сұлтанда да, әлем елдерінде де бар», - деді Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетсек бұған дейін елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан болатын. Сондай-ақ ол астанада қандай жағдайда карантин тәртібі қайта енгізілуі мүмкін екенін айтып берді.