Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Люмила Бюрабекова коронавирустан қайтыс болғандардың өліміне нақты қандай ауру себеп болғаны тексерілетіні туралы айтты. Журналистер одан «13 наурыздан бастап коронавирус табылып, бірақ басқа аурудан қайтыс болғандар саны қанша? Коронавирустан қайтыс болған неше адам ресми статистикаға қосылмай қалды» деп сұраған болатын.
«Қазір барлық өңірлерде құрылға комиссия өлім жағдайларын тексеріп жатыр. Себебі коронавирустан қайтыс болғандардың көбінің басқа да потологиялық аурулары болды. Барлық жерде профильдік мамандар тартылады. COVID-19 диагнозымен өлді деп тіркелгендердің бәрін зерттеудеміз. Әзірге бізде коронавирустан ресми 35 адам қайтыс болды деп тұр. Карантин аяқтала сала, тексеріп, барлық цифрларды жариялаймыз. Расымен коронавирустан өлгендер де, басқа да ауруларын коронавирустың асқындырып жіберуі әсерінен өлгендер де белгілі болады», - деді Людмила Бұйрабекова.Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6751 адамға жетті, емделіп шыққандар – 3469, кайтыс болғандар – 35 адам.