BizBirgemiz: Оқшауланған отбасыларға көмек көрсетілді
BizBirgemiz: Оқшауланған отбасыларға көмек көрсетілді
126
оқылды
Павлодар қаласында Павлова 95/6  үйіндегі кіреберістердің бірі коронавирус қаупіне байланысты жабылды. Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері оқшауланған кіреберістегі отбасыларға көмек көрсетті.  Белгілі болғандай, мұнда халықтың әлжуаз тобына жататын 5 отбасы тұрады екен. Бірі жалғызбасты зейнеткер болса, бірі мүмкіндігі шектеулі жан, бірі карантин салдарынан табыссыз қалған отбасы. BizBirgemiz акциясы аясында осы отбасыларға азық-түлік, медициналық маскалар мен антисептик құралдары табысталды.