Nur Otan партиясының Жетісу аудандық филиалына Алматы қаласының тұрғыны - көпбалалы ана пәтердың алғашқы жарнасын төлеуге көмек сұрап келді. Отбасында 10 адам пәтер жалдап тұрады екен. Осыған байланысты Алматы қалалық мәслихаты депутатының атына осы мәселені шешу үшін хат жіберілді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Алматы қалалық мәслихатының депутаты А.К. Чиликбаев көпбалалы ананың арнайы шотына көмек ретінде 500 мың теңге аударды. Нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты.