Дүйсенбі күні нөсерлеп жауған жауынның кесірінен Нұр-Сұлтан қаласының біраз көшелерін су басты. Елордадағы бұл жағдай бірінші рет емес, бұған дейін де су басқан кездері көп еді.
[caption id="attachment_44879" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды. 2018 жылы.[/caption]
Осы мәселені реттеуді Елбасы да талай айтқан еді. «Мәселені шешеміз» деген әкімнің қай-қайсысы да, әзірге ауызды қу шөппен сүртіп келе жатқандай... Өйткені мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.
[caption id="attachment_44880" align="alignnone" > Сурет интернеттен алынды. 2016 жыл[/caption]
Елорда әкімі Алтай Көлгінов те қала көшелеріндегі су "тасқынын" реттеймін деп уәде берген еді. Әкім уәдесінде тұрды ма, жоқ па, анық-қанығын білмек мақсатта жауыннан кейін қала көшелерін аралауға шықтық. Қолымызда – фотоаппарат.
[caption id="attachment_44881" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Негізі қала басшысы сәуір айының соңында Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Асқар Тоқпанов көшесінің қиылысындағы жауын суын ағызу жұмыстарының барысын тексерген болатын. Соған орай, елордалық әкімдік бұл көшеде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысын шектеді.
[caption id="attachment_44883" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
15 мамырдан басталған жұмыс он күнде аяқталмақшы. Қала әкімдігінің ресми сайтында Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Асқар Тоқпанов көшесінің қиылысы және Дауылпаз көшесінен Елім-Айға дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылатыны хабарланған.
[caption id="attachment_44886" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Онда қазір жауын-шашын канализациясының негізгі коллекторы салынуда. Жөндеу жұмыстарына жауап беретін – «Астана сервис». Оларға тапсырыс беріп отырған – Астана қаласының коммуналды қызмет шаруашылық басқармасы.
[caption id="attachment_44887" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Жөндеу жұмысының басы-қасында жүрген участок басшысының айтуынша, бұл жер – қала ішіндегі ойпатты жерде орналасқан. Сондықтан жауын-шашыннан соң негізгі су осы тұсқа жиналады екен.
[caption id="attachment_44888" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Жиналған жауын-шашын суының көптігінен канализация коллекторы ағынды суды тазарту қондырғысына өткізіп үлгермейді. Сол себепті де осы жерде су жиналып қала береді екен.
[caption id="attachment_44889" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Қазір біз осы қиылыстағы су өткізу жолын екі есеге кеңейтпекшіміз. Мына жерде тұрған коллектордың жанына қатарынан тағы біреу қойылмақшы. Момышұлының бойында тұрған коллектордың диаметрі – 1200. Ал Асқар Тоқпанов көшесінен келетін коллектордың диаметрі – 900. Міне, оның суы Момышұлындағы трубаға қосылады. Ол ағынды суды тазарту қондырғысына құяды. Оның диаметрі – 1200 ғана. Судың тез арада ағып өтпей, жиналып қалып жатқаны сол, – деді Андрей Штин.
[caption id="attachment_44890" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
Оның мәлімдеуінше, су өткізу жолын күшейтуге Бауыржан Момышұлы даңғылына 1800-дік диаметрлі коллектор қойылады. Ал Асқар Тоқпанов көшесіне 1400-дік орнатылады.