2500 қатысушы «Баршаның денсаулығын» талқылайды
2500 қатысушы «Баршаның денсаулығын» талқылайды

2019 жылғы 17 және 18 маусымда «Атакент» парк-отелі ғимаратында медициналық-санитариялық алғашқы көмекке арналған «Баршаға денсаулық» атты жыл сайынғы VI халықаралық конгресі өткізіледі.

– Алдыңғы «Баршаға денсаулық» конгресінде диспансерлеу, вакцинациялау және эпидемиология, қоғамдық денсаулық, медициналық құқық сияқты өзекті мәселелерді көтерген. VI конгресте ДДҰ спикерлері заманауи технология жағдайында МСАК қамтамасыз ету, желідегі құпиялылықты қамтамасыз ету, пациенттермен өзара іс-қимыл жасау, медицинаны цифрландырудың халықаралық тәжірибесі сияқты мәселелерді талқылайтын болады. Цифрландыру дәуіріне МСАК дамыту қағидаттары мен мәселелері қозғалады. Өйткені, медициналық-санитариялық алғашқы көмек халықтың денсаулығы мен саулығына ықпал ететін экономикалық, технологиялық және демографиялық өзгерістерге әсер етеді. Сол үшін де, біз цифрландыру жағдайында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті неліктен және қалай дамыту қажет екендігін міндетті түрде талқылаймыз. Пациенттің денсаулықты сақтауға және нығайтуға қандай құқықтары бар екендігі, адам және денсаулық сақтау ұйымы арасындағы диалогты қалай жөнге келтіру қажет екендігі жайлы әңгімелесеміз. Пациент және дәрігер арасындағы электрондық тілдесуге қатысты сұрақтар өте көп. Бір жағынан, цифрландыру дәрігер мен пациент арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге мүмкіндік береді және медициналық деректерге тұрақты қолжетімділіктің көмегімен пациенттердің денсаулық жағдайына мониторинг жасауға, ақпаратты цифрлық жүргізу арқылы ақпараттар алуды жеделдетуге көмектеседі. Ал екінші жағынан, біз заманауи жоғары технологиялы қоғамда адамның құпиялылығы мен медициналық ақпараттың қауіпсіздігін қалай сақтау керектігін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар, біз медициналық құқық саласында халықтың сауаттылығын жоғарылату бойынша шараларды талқылайтын боламыз. Яғни, МСАК тақырыптарына қатысты көкейтесті мәселелерді осы іс-шарада талқыға салғымыз келіп отыр, –​ деп конференция жоспары туралы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің бірінші проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Сәбитәлиұлы Өтеулиев айтты.

МСАК тұжырымдамасы денсаулық пен саулықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және коммерциялық детерминанттарына ықпал ететін саясат шараларын зерделеп өзгертуге қатысушылардың кең ауқымын тартуды болжайды. МСАК мақсаттарының бірі – денсаулық сақтау ұйымдарына деген пациенттердің сенім деңгейін арттыру. Бұл сенімге қалай кіруге болады, және қандай тәсілдер жасау керек?​ МСАК әдістері туралы ақпараттылықты қалай жақсартуға және санитариялық сауаттылық деңгейін қалай жоғарылатуға болады?

Бұл жерде көбінесе БАҚ-пен және басқа ақпараттық ресурстармен өзара тығыз іс-қимыл жасау көмектеседі. Мұндай өзара әрекеттестікті барынша тиімді етіп қалай ұйымдастыруға болады? Осындай сұрақтарды талқылау – конференцияның жоспарына кіреді. 

– Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жекелеген ауруларды емдеуді көздемейді, ол бүкіл өмір бойы адамның денсаулығына кешенді қамқорлық жасауды қарастырады. Ол адамның жан-жақты қызмет алуын — денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу шараларынан бастап оны емдеу, оңалту және күтім жасауға дейін қамтамасыз етеді.​ МСАК жекеленген адамдардың ғана емес, жалпы қоғамның қажеттіліктері мен артықшылықтарына негізделген денсаулыққа деген жалпыұлттық амал-тәсіл жасауды ұсынады. Ол адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулығының өзара байланысына назар аударады. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек әлеуметтік әділдікті жақтауда және жоғары қолжетімді денсаулық деңгейіне негіз бола алатын құқықтарға негізделген, – деді Ержан Сәбитәлиұлы. 

Осы уақытқа дейін МСАК саласында 40 жыл бойы 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясы іске асты. Қазіргі құжатқа «Астана декларациясы» деген атау берілді.

Декларацияның басты қағидаты – барлық азаматтарды теңдей медициналық қызметпен қамтамасыз ету және денсаулық сақтауға бірлесе қол жеткізу. Декларация барлық халықаралық денсаулық сақтау жүйесін өзгерте алды, бірақ заманауи қоғам және ДДҰ жүйесіне цифрландыруды енгізу жағдайында декларация қағидаттарының бөлігі реттеуді, талқылауды және жетілдіруді қажет етеді.

Қазақстан көп жылдар бойы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара тығыз іс-қимыл жасауда және конференцияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, Жапония, Литва, Түркия, Малайзия, Греция сияқты түрлі елдердің спикерлері, денсаулық сақтау өкілдері қатысатын болады.

– МСАК негізгі қағидаты – пациент пен дәрігер арасындағы тікелей диалог. Мұндай өзара әрекеттестікке денсаулық сақтау қызметкерлерінің көп саны қосылған: учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, мейірбикелер және әлеуметтік қызметкерлер. Сондықтан, конференция түрлі деңгейдегі  денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін пайдалы болуы мүмкін. Біз конференцияға шамамен 2500 адам қатысады деп болжаудамыз,​ – деді Ержан Сәбитәлиұлы. 

Конгрессті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, МСАК және реабилитациялық-қалпына келтіру медицина мамандарының қауымдастығы, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұйымдастырады.