ЕУРО-2020: Бауыржан Исламхан әлем жұлдыздарынан биік тұр
ЕУРО-2020: Бауыржан Исламхан әлем жұлдыздарынан биік тұр
128
оқылды

Кеше Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны 4:0 есебімен ойсырата жеңген

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары турнирінің төртінші турындағы символикалық құрамға кірді.

SofaScore аналитикалық порталының ұсынуынша, символикалық құрамнан Бауыржаннан бөлек тағы бір «Қайрат» ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев та орын алған. Исламхан ең жоғарғы 10 ұпай жинапты. Ал Сүйімбаева 9,2 бағалау көрсеткіші берілген.

Кеше Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны 4:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Осыдан соң біздің команда 6 ұпаймен I тобында үшінші келе жатыр. «Апта командасында» Исламхан әлемдік жұлдыздардан да бағалау көрсеткіші тұрғысынан асып түскен:

Килиан Мбаппен (Франция) – 9,1

Марко Ройс (Германия) – 9,2,

Марек Гамшек (Словакия) – 9,1

Йосип Иличич (Словения) – 9,6

Серхио Рамос (Испания) – 8,4.

Жалпы рейтингте біздің капитан 8,50 балл жинап әйгілі Денис Черышев (8,40), Антуан Гризманн (8,33), Кевин де Брюйне (8,25), Марко Вератти (8,23), Кристиан Эриксен (8,07) және басқа да жұлдыздардан жоғары тұр.