Парламент Сенатының депутаттары Кәрім Мәсімовтің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалуын қолдады, – деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
«Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Сенат отырысы өтіп, депутаттар Президенттің Кәрім Мәсімовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындауына келісімін берді», – деп жазылған хабарламада.
Сенат Парламентінің халықаралық қатынастар, қорғаныс және
қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Кәрім Мәсімов өз
жұмысында жоғары білікті, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адал мемлекет
қызметкері ретінде көрсетті» деп айтты. Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдады.