Коронавирустың кімдерге жұқпайтыны белгілі болды

Коронавирустың кімдерге жұқпайтыны белгілі болды

2003 жылы пневмониямен ауырып шыққандар коронавирустың жаңа түрін жұқтырмауы мүмкін. Бұл туралы Американың және Швецияның ғалымдары жүргізген зерттеуде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости. Мамандардың айтуынша, SARS-CoV жұқтыру нәтижесінде ағзада антиденелер тарап, коронавирустың жасушаға енуіне жауап беретін S-ақуызы пайда болады. Осылайша S309 антиденесі SARS-CoV жұқтырған науқастың организмін бейтараптандыра алады. Сондықтан пневмониямен ауырып шыққандар коронавирустың жаңа түрін жұқтырмауы мүмкін дейді ғалымдар.

ДДҰ-ның соңғы мәліметтеріне сенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,6 миллионнан асады, олардың 312 мыңы қайтыс болған.