Елордада көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері қоғамдық көліктің жолаушылары көп жиналатын аялдамаларда күнделікті тексеру жүргізуді жалғастырады. Бұл туралы «CTS» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың басты мақсаттарының бірі – жолаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Нақты айтқанда 10 мамыр күнгі Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің автобус ішінде бетперде тағу туралы қаулысын орындау. «Күніне бір қызметкер 80-120 автобус тексереді. Ол жолаушылармен қоғамдық көліктердегі карантиндік шараларға қатысты алдын алу жұмыстарын жүргізіледі. Жолаушылар бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсуді сұрайды. Естеріңізге саламыз, автобустарда жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз өтеу қажет. Карантинге дейін қоғамдық көліктегі қолма-қол ақшасыз жүру 98% құрады, қазір 100% жетті. Жүру ақысын қолма-қол ақшасыз ету үшін көліктік карта мен басқа төлем түрлері қарастырылған. Төлем SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы жасалады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен. Қоғамдық көлік енді жүре бастағанда, 12 мамырда жолаушылар саны 146 907 болған. Ал 15 мамырда – 237 969, 18 мамырда - 268 163 адамға жетіп отыр.