Күдікті бизнес ашуға көмектесемін деп 12 әйелді алдаған
Күдікті бизнес ашуға көмектесемін деп 12 әйелді алдаған
© Сурет ғаламтордан
145
оқылды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында алаяқ «интернет-бизнес жасауға тіркеп беремін» деп 12 адамды алдаған. Күдікті әйелдің жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2,5 млн теңгені құраған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш АПБ-не бірнеше тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші әйелдер әрқайсысы бизнестің деңгейіне байланысты күдіктіге 35 - 350 мың теңгенің аралығында бергенін жеткізген. Алайда ол сөзінде тұрмай, ақшаларын қайтармай қойған болып шықты.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жәбірленушілердің айтуымен күдіктінің жеке-басы анықталып, алаяқ әйел ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады», - делінген хабарламада.
Сарыағаш ауданында тағы бір күдікті тұрғындарды «Ақтау қаласындағы фирманың біріне жұмысқа орналастырып беремін» деп алдағаны анықталған. Тергеу барысында күдіктінің екі жәбірленушіден 220 мың теңгеден алып, алдап кеткені белгілі болып отыр. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.