UEFA атқару комитетінің отырысы 27 мамырдан 17 маусымға ауыстырылды, – деп хабарлайды ұйымның сайты. Отырыс барысында 2020 жылдан 2021 жылға ауыстырылған Еуропа біріншілігін өткізу мәселесі талқыланады. Құрлықтық дода 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізілуі жоспарланған. Дегенмен қазір кейбір стадионның дайын еместігі анықталған. Сондықтан алдағы отырыста бұл мәселе жан-жақты талқыланады. Сондай-ақ, отырыс барысында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының кейінге шегерілген ойындарын қайта жалғастыру жағдайы таразыға тартылады. Бұдан бұрын футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионаты кейінге шегерілені белгілі болған еді.