Таеквондодан G1 Lux Open-2020 халықаралық додасы өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Аталған турнир 14 маусым күні Люксембургта басталуы тиіс болатын. Әлемде болып жатқан жағдайды ескере келе, дода жарыс кестесінен алынып тасталды. Айта кетерлігі, осыған дейін маусым айында Олимпиадалық іріктеу турнирі жоспарланған. Халықаралық таеквондо федерациясының шешімімен маңызды бәсеке белгісіз мерзімге кейінге шегерілген.