Ғани Нығыметов жаңа қызметке тағайындалды
Ғани Нығыметов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
330
оқылды
Ол 2019 жылдың шілде айынан бастап Президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Бұған дейін Президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған Ғани Нығыметов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, –  деп жазады «Sputnik Қазақстан». Дереккөздің жазуынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қаулысымен Президент әкімшілігінің келісімімен Ғани Нығыметов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің қызметіне тағайындалды. Ғани Нығыметов 1983 жылдың 22 тамызында Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. 2005 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. 2007 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Монтерей халықаралық зерттеулер институтында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды. 2014 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде executive MBA болды. АҚШ-тың Дьюк университеті сынды жоғары оқу орындарын бітірді. Бес тілді жетік меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын, хинди және неміс тілі. Еңбек жолын БҰҰ даму бағдарламасының штаб-пәтерінде бастады, Нью-Йорктегі Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік бюросында жұмыс істеді. Тағы оқыңыз: Президент жаңа көмекшісін тағайындады Әр жылдары Назарбаев университетіндегі халықаралық әріптестік департаментінің директоры, НУ «Энергетикалық даму орталығының» даму жөніндегі бас директорының орынбасары, Nazarbayev University Research and Innovation System бизнесті дамыту жөніндегі директоры, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті, «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директоры, Еуразиялық интеграция институтының директоры, Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.