Планшетке таласып, қарындасын өлтірген жасөспірімнің психикалық жағдайы тексеріледі
Планшетке таласып, қарындасын өлтірген жасөспірімнің психикалық жағдайы тексеріледі
Фото: Интернеттен алынды
144
оқылды
Таразда 9-сынып оқушысы қарындасын балғамен ұрып өлтірген, – деп хабарлайды «Хабар 24». Он жастағы қыз бала қатты соққыдан көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша, марқұм қыз бен ағасы планшет үшін жанжалдасып, аяғы қайғылы жағдаймен аяқталған.  Жасөспірім қыздың өлі денесі көшенің бойынан табылған. Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қыз зорлықпен өлтірілген көрінеді. Жедел іздестіру шарасы барысында жәбірленушінің  туған ағасы ұсталды. Одан биологиялық іздер анықталған көрінеді. Бірақ 15 жастағы оқушының осындай қаныпезерлікке барғанына көршілері сенбейді. Мектеп мұғалімдері мен психолог мамандар да болған жайтқа сенбейді. Бірақ күдікті ретінде ұсталған марқұмның бауыры кінәсін мойындаған. Алайда ол кәмелеттік жасқа толмағандықтан оның берген жауабы заң жүзінде сараптама қорытындысынан кейін нақтыланбақ. Жеткіншекті қылмысқа не итермелегені туралы да ресми ақпар айтылмай отыр. Алдын ала болжам бойынша, марқұм қыз бен ағасы планшет немесе компьютер үшін жанжалдасып қалған болуы мүмкін. Қалалық полиция басқармасы 2-ші полиция бөлімі бастығының орынбасары Жандос Надырқұлов: «Бұл іс бойынша басқа күдіктілер анықталған жоқ. Ол – жанұялық жағдайда болған нәрсе. Жасы кәмелетке толмағандықтан нақты кейбір деректі біз тергеу жүріп жатқандықтан айта алмаймыз. Сот сараптама қорытындыларымен біз сәйкестендіреміз. Тексереміз. Себебі, бізде басқа да сұрақтары туындауы мүмкін. Егерде сот шешімі шығатын болса, онда ата-анасына өзінің баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – дейді.