Вируспен күреске кеткен қайран қаржы
Вируспен күреске кеткен қайран қаржы
142
оқылды
Әлем пандемиямен күресіп жатыр. Бұл індет адамдарды сақ­тыққа үйретіп, бетперде тақтыр­ды. Сонымен бірге кейбір адам­ның «маскасын» ашып берді. Олар індеттен ақша табушылар. Қазір зерттеу жүріп жатыр. Өйткені індетте ақша табу міндет деп түсінгендер арамызда жүр. Өткен аптада 20-ға жуық үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестік өкіл­дері мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан бөлінетін қаржының айқындығы мен есептілігін қамтамасыз етуге шақыр­ды. Үндеу коронавирус кезіндегі сатып алулар жайлы ақпарат жинап, тарататын Zertteu Research Institute қорының сай­тын­да жарияланды. Айта кетейік, Қазақстанның корона­вирусқа байланысты бөлген қаржысы 13 миллиард долларға жетіп, мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 8 пайызынан асқан. «Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан бөлініп жатқан қаржы мен барлық қабылданып жатқан шаралардың айқын­дығы мен есептілігі аса маңызды екенін айт­қымыз келеді. Коронавирус індеті эко­номика мен қоғамға зиянын тигізіп қана қоймай, жемқорлық пен бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсауға жол ашып отыр. Бұл қабылданып жатқан шаралар­дың дұрыстығы мен мемлекеттік инсти­туттарға қоғам сенімсіздігін арттыруға әкеледі», – дейді үндеуде. Үндеу хат иелері айқындықты барлық деңгейде қамтамасыз ету үшін бірнеше шараны жүзеге асыруды ұсынды. Мемлекеттік комиссия бөлінген қар­жы бойынша барлық ақпаратты жинап, жариялауы, бөлінген қаржының негізділігі мен қажеттілікке сай екені туралы барлық көмек алушы қамтылған жан-жақты есеп әзірлеуі тиіс. Есепті Парламентте қарап, барлық материалды мемлекеттік орган­дардың сайтында жариялап, орталық және жергілікті деңгейде қабылданатын шешім­дер мен бюджет қаржысын жарату про­це­сін азаматтық қоғам өкілдерінің бақы­ла­уын қамтамасыз етуі керек. Коронавирус­пен күрес туралы ақпарат тарататын БАҚ, ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақпаратқа қол жеткізу мен сөз бостандығы құқығын, осы мақсатта мемлекеттен қаржы бөлінуін қамтамасыз ету қажет. Үкімет аталған қаржыға байланысты ресми түсініктеме берген жоқ. Кейінірек Президенттің экономика мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов қаржы жұмсалатын негізгі бағыттарды атады. Ол Ұлттық қордан бөлінген 1,7 триллион теңге бюджет шы­ғы­нын жабуға жұмсалатынын және жүз­деген миллиард теңге мемлекеттік сақ­тан­дыру қорынан төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге төлеуге жұмсалатынын айтқан.    width=  

Зерттеу не дейді?

Әрине, коронавирусқа қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ қаржы қалай жұмсалып жатқаны туралы нақты ақпарат ашық болғаны да дұрыс. Мысалы, Zertteu Research Institute ұйымы мәліметінше, 5 мамырда Әділет министрлігінің Сот са­раптамалары орталығы дене қызуын өл­шейтін 35 құрал (тепловизор) сатып алған. Келісімшарт SnabService Capital ЖШС-мен жасалған. Бір құрал бағасы – 199 900 теңге. Жалпы сомасы – 6 996 500 тең­ге. Бұл құралдарды Қазақстанның бір­неше қаласына жеткізу керек. Техникалық сипаттамасы осы дене қызуын өлшейтін құралдармен бірдей құралдар украин сайтында 512 гривна тұрады. Теңгемен 7,9 мың теңге (2020 ж. 5 мамырындағы бағам бойынша). Қазақстанда сатып алған және украин сайтындағы өлшегіш құралдың техникалық сипаттамасының скринингі. Ал бір күн бұрын аталған орталық  639 құты дезинфекция құралын сатып алған. Көлемі – 1 литр. Бір құты бағасы – 24 650 теңге. 15,7 млн теңгенің келісімшарты «Центр профессионального обучения «АМАНАТ» ЖШС-мен жасалған. Сонымен қатар бұл тауарларды Қа­зақ­станның 19 қаласына жеткізу керек. Бұл өнім беруші мен тапсырыс беруші ара­сындағы үшінші келісімшарт. Бұрынғы екеуі 2019 жылы конкурссыз, бір көзден жасалған. Бірінші, 17 қазан – аккумулятор алған. Келісімшарт сомасы – 55 мың тең­ге. Екінші, 30 желтоқсан – түрлі кеңсе тауарын алған. Келісімшарт сомасы – 1,2 млн теңге. Салыстырып көрейік. 4 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопуль­мо­но­логия орталығы қызметкерлер мен нау­­қастар­дың қолына арналған 1 635 жи­нақ тері антисептигін алған. 1 жинақ баға­сы –  4 480 теңге. Құты көлемі – 0,72 л. Литрге шаққандағы бағасы – 6 222 теңге болады. Көріп отырғанымыздай, бағаларда алшақтық 4 еселенген. Сонда бізде тікелей өндірушіден сатып алу жолдары қарастырылмаған ба? «Неге ортада делдалдар жүреді?» деген орынды сұрақ туындайды. Қандай да бір мем­лекеттік сатып алулар іске асып жатса, әрине оның ашық болғаны дұрыс. Сонда ғана бюджеттегі ақша ысырап болып, әркімнін қалтасында кетпес еді.  

 width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ