Бүгін Қазақстанның 10 аймағында ауа райы күрт құбылады

Бүгін Қазақстанның 10 аймағында ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 10 өңірінде ауа райы аумалы-төкпелі болады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Дауыл соғуы мүмкін. Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтілуде. Желдің екпіні секундына – 15-20 метр. Алматы облысында күндіз өңірдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, тұман, бұршақ күтілуде. Найзағай жарқылдаған кезіндегі желдің екпіні секундына 17-22 метр болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыс жел секундына 15-20 метр. Тауда лай көшкіні жүру қаупі бар. Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, желдің екпіні секундына – 15-20 метр. Қостанай облысында найзағай, тұман, желдің екпіні секундына – 15-20 метр. Қызылорда облысында найзағай, желдің екпіні секундына – 15-20 метр. Маңғыстау облысында шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ, тұман, желдің екпіні секундына – 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр болады деп күтілуде. Түркістан облысында дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.