Сенат сенім білдірді
Сенат сенім білдірді
201
оқылды

Парламент Сенатының басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Жоғарғы палатаның жалпы отырысы болды. Онда депутаттар Қазақстан президентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Кәрім Мәсімовті тағайындауына келісім берді.

ҰҚК төрағасын қызметке тағайындауға келісім беру – Сенаттың ерекше құзырына жатады.

Парламент Сенатының Халықаралық қаты­настар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төра­ғасы Мұхтар Құл-Мұхаммед қайта та­ғайын­далып отырған ҰҚК басшысының тұлғалық қасиеттеріне жоғары баға берді.

«К.Мәсімов барлық жұмыс аумағында да өзінің принципті, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер еке­нін, ісіне және Отан алдындағы борышына адал­дығын көрсетіп келеді», – деп атап өтті се­натор.

Депутаттар Мемлекет басшысы ұсынысын бірауыздан жақ­тап, дауыс берді.