Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары, монша, сауналар ашылды
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары, монша, сауналар ашылды
Фото: Интернеттен алынды
131
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қызметін қайта бастайтын нысандарға қойылатын талаптарды айтты. Бүгіннен бастап елордада сауда орталықтары, монша мен сауналар ашылды. Мекемелер карантин талаптарын мұқият сақтауы тиіс. Мысалы, Сауда бутиктеріндегі сатып алушылардың саны 5-тен аспауы тиіс. Кезекте тұрғанда касса маңында, сауда аймағында және киім өлшеу бөлмелерінде тұтынушылар арасында кемінде 2 метр алшақтық белгілері болуы қажет. Бассейні жоқ моншалар мен сауналардың жұмыс кестесі 9:00-ден 18:00-ге дейін деп бекітілді. Әрі халық алдын ала жазылу бойынша ғана келе алады.