Алматыға кіреберістегі кептеліске байланысты блокбекеттерде бақылау күшейді
Алматыға кіреберістегі кептеліске байланысты блокбекеттерде бақылау күшейді
Фото: Интернеттен алынды
139
оқылды
Алматыда тағы да бірнеше шақырымға созылған ұзынсонар кептеліс пайда болды. Жүргізушілер қалаға кіру үшін жол қозғалысы ережелерін бұзып жатыр. Осыған байланысты полицейлер блокбекеттердегі бақылауды күшейтті. Осыған байланысты Алматы полиция департаменті тұрғындардан жол қозғалысы ережелерін сақтауға, тәртіп бұзбауға шақырады. Осы мақсатта блокбекеттерге қосымша полиция жасақтарының жұмылғаны айтылады. Сондай-ақ, ереже бұзған жүргізушілердің ерте ме, кеш пе заң бойынша жазаланатыны айтылды.
«Біз қосымша жол полициясы жасақтарын жұмылдырдық. Олар кептеліс көбейген аумақтардағы блокбекеттерде тұрады», – деді полицейлер.
Ведомство өкілдерінің айутынша, блокбекеттердегі жағдай үнемі бақылауда. Бірнеше шақырымға созылған кептелістің видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.