Қарағанды облысында екі үшем дүниеге келді
Қарағанды облысында екі үшем дүниеге келді
Қарағанды облысында карантин уақытында екі үшем дүниеге келді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша екі үшемнің жағдайы жақсы, перзентханадан шықты. Сәуір айында екі ұл мен қыз дүниеге келді. Туған кездегі салмағы: 980 гр, 990 гр, 995 гр. болған. 1 ай 23 күннен кейін сәбилер 1900 гр, 2099 гр, 2145 гр. болып үйлеріне шығарылды. үшем қарағанды Мамыр айында 3 ұл жарық дүние есігін ашты. Туған кездегі салмағы: 1700 гр, 1640 гр, 1776 гр. 19 күнннен кейін 1847 гр, 1776 гр, 2100 гр. салмақта нәрестелер перинаталдық орталықтан шықты. Қарағанды облысында егіз бала босанудың артқаны байқалып отыр деді ведомостваның баспасөз қызметі. 2017 жылы Қарағанды қаласының Перинаталдық орталығында 18, 2018 жылы 25, 2019 жылы 31 егіз дүние есігін ашты. 2020 жылдың төрт айында барлығы 15 егіз және екі үшем дүниеге келді.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.