Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Ақсулықтар қант қызылшасы алқабын кеңейтті

«Айқын» ақпарат
Мамыр 20, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Ақсулықтар қант қызылшасы алқабын кеңейтті

Алматы облысы соңғы жылдары қант қызылшасы өндірісіне үлкен мән беріп, бір кездердегі биіктерді біртіндеп қайта бағындыруға кірісті. Өткен жылы 14 мың гектарға тәтті түбір себіліп, одан ойдағыдай өнім жиналып, жұртшылық екі қант зауыты шығарған құмшекерге қарық болған еді. Биыл қант қызылшасы егістігі көлемі 16 мың гектардан асып жығылды. Соған сай алтын күзден күтіп отырған үміт те үлкен.

«Көксу» қант зауыты бірнеше жыл бойы жаңғыртудан өтсе, «Ақсу» қант зауыты кейінгі бірнеше жылда қалыпты жұмыс істеуге көшіп, жергілікті жұрттың негізгі кәсіп көзіне айналды. Алдағы кезде Қарабұлақтағы қант зауытын қайта жарақтандыру және алыс Алакөлдің Бескөл теміржол бекетіндегі алып қант зауытын қалпына келтіру де ойластырылуда.

Екі бірдей зауыт жұмыс істегелі және кәсіпорындар мен диқандар арасында түсіністік орнағаннан бері облыста қант қызылшасын өсіруге деген құлшыныс қайта артты. Бұрыннан тәтті түбір өсіре­тін аудандар қатарына басқа ай­мақтар да қосыла бастады. Ал Ақсу, Көксу, Ескелді, Сарқан, Қаратал сынды заманында тәтті түбірімен аты шығып, елімізге талай еңбек батырларын тарту еткен аудандар  техникалық дақыл алқаптарының аумағын арттыруда. Соның ішінде биыл Ақсу ауданының қызыл­ша­шылары ерлеп тұр.

Сарқандықтар тәтті түбір алқабын кеңейтті

«Ақсу» қант зауыты жаңа маусымды бастады

Тәтті түбір қабылдау басталды

Ақсулықтар биыл жалпы ал­ғанда 61 мың 17 гектарға ауыл ша­руа­шылығы дақылдарын екті. Соның ішінде басты назарды күздік және жаздық бидай мен арпаға аудара отырып,  қант қызылшасы алқабын да мүмкіндігінше арттырып, 3 167 гектарға жеткізіпті.

Елдің мазасын май ішкендей еткен коронавирусқа қатысты бір­қатар қатаң қауіпсіздік шара­лары қолға алынғаны  аздап ке­дер­гі туғызып, егістікке кештеу кіріс­кенімен, жоспар орындалуда. Шаруалар көктемгі дала жұмыстарын ретімен атқаруда. Олар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қам­қорлықты да жақсы сезініп отыр.  Қажетті тұқыммен қамтамасыз ету, қосалқы құрал-жабдықтар жет­кізу жолға қойылған. Көктем мен күзде бағасы аспандап кететін дизель отынының литрі 165 теңгеден боса­тылуда. Төтенше жағдайда көсі­ліп қимылдай алмай қалған шаруа адамдарына төмен пайызбен несиелер де берілуде. Соған сай дәл қазіргі кезде аудан бойынша 528 дана ауыл шаруашылығы техникасы егіс даласында жүр. Аймақта қант қызылшасы өндірісі бойынша жұмыс істейтін алты сервистік-дайындау орталығы да қолдарынан келген көмекті көрсетуде.

 

Болатбек ҚАБДЕШҰЛЫ,
Алматы облысы

 

 

 
ID: 0
Тегтер: «Ақсу» қант зауыты«Көксу» қант зауытықант қызылшасы
Алдыңғы жаңалық

Елімізде коронавирустан 3649 адам сауықты

Келесі жаңалық

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовты қабылдады

Ұқсас жаңалықтар

Мархабат Байғұт
Nur Otan

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
такси
Жаңалықтар

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 2021
әл-ауқат
Nur Otan

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 17:55

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 17:31

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 17:21

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 17:14

Жітіқарада туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген ер адам 4 жылға сотталды

Сәуір 16, 16:58

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 16:32

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 15:58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Мархабат Байғұт

Қоғамдық кеңестер жоғары жауапкершілік жүктейді – Мархабат Байғұт

Сәуір 16, 2021
Алматы

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»