«Парасат мектебі» – Шығыста
«Парасат мектебі» – Шығыста
199
оқылды
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы қарсылық көрсете алатын жаңа формациядағы жастар легін дайындау мақсатында Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы еліміздің барлық өңірлерінде «Парасат мектебі» курстарын өткізуді бастады.

«Академияның аймақтардағы филиалдары мен орталығында студенттер арасында, соның ішінде екінші және үшінші курс студенттері­мен жұмыс істеу басталды. Парасат мектебі жастардың шығармашы­лы­ғымен қатар, ойын анық жеткізе алуға, яғни эмоциялық нығаюына септі­гін тигізеді. Кешеден бері курс тыңдаушылары сыбайлас жемқорлық­тың мемлекетке тигізер зияны жайлы теориялық білім ғана алып қойған жоқ, сонымен қатар түрлі практика­лық кейстарды шешіп жатыр. Осы себепті, бұл мектептің студент жастар­ға берері мол», – дейді академияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Айжан Масенова.

Бұл алдағы жылдары да қолға алынып, жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналмақ.

«Мектеп жұмысын студенттер жазғы каникулға шыққан кезге арнайы орайластырып отырмыз. Біз облыс орталығындағы үш универ­си­тет­ке хат жолдаған болатынбыз. Нәти­жесінде, «Парасат мекте­біне» қатысуға 60-қа жуық студент ниет білдірді. Дегенмен үш жүз сөзден тұратын эссе жазу іріктемесінен тек 18 студент қана өтті. Курстар бары­сын­да оларға мемлекеттік қызмет­ші­лер­дің этикасы, өзін-өзі ұстауы бағы­тын­дағы дәрістер оқылады. Курс қоры­тындысы бойынша тыңдаушы­лар­ға академия үлгісіндегі сертифи­кат­тар табысталады», – деді А.Матанқызы.

Аталған шара Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе атқарылып жатыр.

Әділ БЕК