Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр. Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.
"Өткен бірнеше күнде 358 нысан тексерілді, оның ішінде 85 нысанның талаптарды орындамағаны анықталды. Бұл талаптар азық-түлік және азық-түлік сатпайтын басқа да дүйендерде сақталмай отыр. Сатушылар маскасыз, қолғапсыз, қорғаныш құралдарынсыз, антисептиксіз жұмыс істеп жатыр, нан өнімдерін сақтау шаралары орындалмаған. Стоматологиялық нысандарда, сұлулық салондарында (...). Нұр-Сұлтанда күнде дерлік түрлі дүкен сатушыларының арасынан коронавирус жұқтырғандар анықталып жатыр", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.