Еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады
Еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады
© сурет интернеттен алынды
301
оқылды
"Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады. 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз кей жерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с күтіледі, - делінген хабарламада. Петропавл қаласында 21 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады күші 15-20 м/с күтіледі. 21 мамырда Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 21 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі. 21 мамырда Ақмола облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 21 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан күндіз жел соғады екпіні 15-18 м/с. Көкшетау қаласында 21 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. 21 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 21 мамырда Маңғыстау облысында кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 21 мамырда Павлодар облысында кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршак болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бастысқа ауысады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында күндіз 21 мамырда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бастысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-100%.