Дәмханада 30 адамға дейін ауызашар беруге болады
Дәмханада 30 адамға дейін ауызашар беруге болады
© Sputnik / Абзал Калиев.
136
оқылды
Бұл туралы  Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бас санитар дәрігерге "Дәмханаға 30-50 адам шақырып, ауызашар жасауға бола ма?" деген сауал қойылды. "Иә, қазіргі кезде тамақтану орындарына 30 адамға дейін кіргізуге рұқсат берілді. Алайда тиісті талаптар сақталуы қажет. Атап айтқанда, дезинфекциялық шаралар жүргізілуі шарт. Ал ең бастысы, адамдар арасындағы қашықтық сақталуы керек, - деді Айжан Есмағамбетова. Оның айтуынша, бастысы талаптар сақталу керек. Бірақ нақты бір талаптардың орындалуы керек. Ең маңыздысы - әлеуметтік қашықтық. Дегенмнн үйге 30-50 қонақ шақыруға болмайды. Осының алдында туған күнге қатысқан 8 адамның коронавирус жұқтырғанын айтқаным бар, - деді бас санитар. Айта кетейік, соңғы тәулікте елде 218 жаңа жағдай тіркелді. Өсу қарқыны 3,2 пайызды құрап отыр.