1 қыркүйектен бастап мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра ма?
1 қыркүйектен бастап мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра ма?
Бізде 1 қыркүйектен бастап қашықтан оқытуды жалғастырамыз деп ешкім айтып жатқан жоқ, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн-брифингте.
Қашықтан оқыту - заман талабы екенін түсінеміз. Қыста шалғай ауылдық жерлерде жол жабылып қалса, қатты аяқ болса, балалар оқымай қалатын кез үшін бұл жақсы. Кім біледі, қандай жағдай болатынын, бұл технологиялардың оқу процесіне көмегі керек болып қалатын кездер болуы мүмкін ғой. Бірақ шартты түрде 1 қыркүйектен бастап қашықтан оқытуға көшеміз деп бізде ешкім айтып жатқан жоқ. Ондай сөз жоқ, - деді Аймағамбетов.
Ол бүгіндері министрліктегілер, мұғалімдер, ата-аналар мен балалар да сабақ оқудың дәстүрлі форматта болғаны әлдеқайда тиімді және ыңғайлы екенін жақсы түсініп отырғанын айтты.
Бұл арада бірнәрсе ойлап табудың қажеті жоқ. Оқу процесі - тек ақпарат беру ғана емес. Егер бұл солай болғанда, ол әлдеқашан өзгеріске түсер еді. Бірақ ол арада әлеуметтену, қарым-қатынас, балалар арасындағы қарым-қатынас, тілдесу, тәрбие ісі бойынша процесс сияқты бірқатар маңызды мәселелер бар. Мен бір жерден: "Бұл мемлекет үшін тиімді екен, олар осылай үнемдеуді жөн көріпті" деген біржақты пікірді көзім шалды. Сондықтан айта кетейін, бұл негізсіз нәрсе, ондай нәрсе ешкімнің ойында жоқ. Дегенмен сапалы ақпарат пен сапалы білімге қолжетімділік мәселесі шешімінің бір мүмкіндігі ретінде біз қашықтан оқытуды ары қарай дамытатын боламыз, - деп түсіндірді министр.