Білім министрін таныстырды
Білім министрін таныстырды
164
оқылды

Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министр Асхат Айма­ғамбетов­ты таныстыр­ды. Қазақ­стан Президентінің Жар­лығымен Күләш Шәмшіди­нова басқа жұмыс­қа ауысуына байланысты Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды.

Асқар Мамин К.Шәмшідино­ва­­ға жемісті жұмысы үшін алғыс біл­діріп, жаңа орында сәттілік тіледі.


«Күләш Ноғатайқызы – тәжі­ри­бесі мол басшы. Министр қыз­метінде қарқынды жұ­мыс істеп, еліміздің білім беру саласы­ның да­муына елеулі үлес қосты», – деді Премьер-министр.  

Ел Үкіметінің басшысы БҒМ-ның жаңа басшысы Асхат Айма­ғам­бетовтың білім беру саласында тиісті білімі мен үлкен тәжірибесі барын атап өтті. Асхат Аймағам­бе­тов әр жылдары Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы, білім және ғылым вице-министрі қызметтерін ат­қар­­ды, Қарағанды облысы әкімі­нің орынбасары болды.

Үкімет жетекшісі А.Мамин Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Оның қатарын­да, мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білімді жаңғырту, сұранысқа ие заманауи мамандар даярлау, білім және ғылымның сапалы жүйесін дамыту бар.