Қытай елшісімен әңгімелесті
Қытай елшісімен әңгімелесті
174
оқылды

Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Қытай Халық Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Мәртебелі мейманмен жүздесу барысында вице-спикер Мәжіліс делегациясының жақында Қытайға жұмыс сапарын ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін оған алғыс білдірді.

Гүлмира Исимбаеваның ха­бар­­лауынша, әртүрлі деңгейдегі кез­десулерде ҚХР тарапы Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның жаңа мемлекеттілігін қалыптас­ты­рудағы, сондай-ақ қазақ-қытай қарым-қатынастарын дамытудағы ерен еңбегін және маңызды рөлін ерекше атап өткен.

Әңгіме барысында Мәжіліс төрағасының орынбасары мен Қытай елшісі парламентаралық байланыстарды ары қарай дамыту мәселе­лерін талқылады. Г.Исим­баева қазақстандық делегацияның шығыс көршіге сапары аясында ҚХР Бүкілқытайлық халық өкіл­де­рі жиналысының Тұрақты коми­тетінің төрағасы Ли Чжа­ньшу­­мен кездесуі өткенін еске салды.

Ол Ли Чжаньшуге Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығ­матулиннің атынан осы жыл­дың 23-24 қыркүйегі күндері Нұр-Сұл­тан қаласында өтетін Еуразия елде­рі­нің парламенттері спикер­ле­рінің IV кеңесіне қатысу үшін ресми ша­қы­ру хатын табыстаға­нын жет­кіз­д­і.

Өз кезегінде, Чжан Сяо Қы­тай­ға жасалған сапар екі ел ара­сын­дағы мемлекетаралық қаты­нас­тарды, оның ішінде парламен­та­ралық бай­ла­ныстарды кеңей­тудегі тағы бір қадамға айналғаны­на екпін түсірді.

Жүздесу соңында тараптар осы және басқа да мәселе бойын­ша қазақстандық-қытайлық қа­рым-қатынастардың, соның ішін­де парламентаралық ықпал­дас­­тықтың одан ары нығая түсеріне сенім білдірді.