Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады. Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйекке дейін ресми түрде тұрақты Арменияда тіркелген көліктерді Қазақстанда уақытша тіркеу шарасын қабылдауы тиіс. Бұл шешім тек елімізге биыл 1 ақпанға дейін әкелінген көліктерге қатысты. Сонымен қатар көлік тиісті техникалық тексерістен өтеді. Салықтық міндеттемелерді толық төлейді. Жаңа қаулы заңды күшіне енді.