Қоғамның рөлі артады
Қоғамның рөлі артады
236
оқылды

Сыртқы істер министрлігінде ведомствоның қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамдағы бірінші отырысы өтті. Кеңес отырысына қатысқан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұлықтау салтанатындағы сөзінде мемлекеттік саясатты іске асырудағы қоғамның рөлін арттырудың маңызын ерекше атап өткеніне баса назар аударды.

– Мемлекет азаматтық қоғам­ды дамытуға зор көңіл бөлетін болады. Сондықтан біз үшін кеңес мүше­ле­рі­нің аса өзекті мәселелерді тал­қы­лау­ға белсенді атсалысып, сыртқы саясат ведомствосы қабыл­дай­тын шешімдерге сарапшылық баға беруі өте маңызды, – деді министр.

Отырыс күн тәртібіне сәйкес Сыртқы істер министрінің орын­басары Ермек Көшербаев шетелдік инвестицияларды тарту және қа­зақ­­стандық тауарлардың экспор­тын ілгерілету салаларын­дағы СІМ қызметінің жаңа басымдықтары жөнінде баяндама жасады.

Оның мәліметінше, 2018 жылы тар­тылған тікелей шетелдік инвес­тициялардың жалпы ағыны 15,8%-ға өсіп, 24,3 миллиард долларды құрады.

2019 жылғы қаңтар-сәуір айла­рын­да негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 6,7%-ға артып, 2,9 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде сыртқы инвестициялар көле­мі негізгі капиталға салынған ин­вестициялардың жалпы ауқы­мы­ның 36%-ына тең және 1,05 триллион теңге болды.

Е.Көшербаев Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайына да тоқталды.

– Сыртқы саясат ведомствосы фронт-кеңселер құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл кеңсе­лер инвесторлардың тек ақпарат­тық-консультациялық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етіп қана қой­­май, сондай-ақ олардың мем­ле­кеттік қызметтер алуына және жобаларын бастапқы кезеңнен толық іске асыруға дейінгі сүйе­мел­деуге арналған бірыңғай алаңға айналады, – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ол Қазақстанның шет елдер­де­гі мекемелері инвестициялар тарту жүйесін жетілдіруге бағыт­тал­ған ЭЫДҰ ұсынымдарын және дамыған елдердің үздік тәжіри­бе­лерін ескере отырып, жаңа тәсіл­дер­ді анықтау үшін шетелде бірқа­тар іс-шаралар жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.

Сыртқы істер министрлігінің сырт­қы нарықтарда отандық экс­порт­ты ілгерілетудегі рөліне тоқ­тал­ған Е.Көшербаев СІМ жанын­да шикізаттық емес экспорт­ты жыл­жы­ту мәселелері бойынша арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы жұ­мыс істейтінін айтты. Бұл құры­лым практикалық шараларды әзірлеуге және жедел түрде ақпарат алмасуға күш салуда.

Шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде азаматтық қоғам тара­пынан «Қазақстанның интер­нет қауымдастығының» президенті Шавкат Сабиров баяндама жасады. Сарапшы баяндамасында Қазақ­стан­дағы экспорттық ресімдеу ісі­не назар аударды және оларды жеңілдетуге қатысты бірқатар ұсы­ныстар жасады.

Пікірталас барысында кеңес мүшелері инвестициялық ахуалды жақсарту, шетелдік капиталды тартудағы СІМ жұмысын жандан­дыру жөнінде бірқатар ұсыныс­тар­ды ортаға салды. Сондай-ақ сырт­қы саясаттың жаңа тұжырымдама­сының жобасына қатысты кон­струк­тивті талқылау жүрді.

СІМ қоғамдық кеңесінің кезек­ті отырысы 2019 жылдың күзіне жоспарланған.