Үлескерлердің қаражатын заңсыз алып, үй-күйсіз қалдырған компаниялар белгілі болды
Үлескерлердің қаражатын заңсыз алып, үй-күйсіз қалдырған компаниялар белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
213
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жосықсыз құрылыс салушылардың тізімін жариялады. Елорда әкімдігі қала прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп жатыр. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін үлескерлердің қаражатын заңсыз алып, тұрғын үй кешендері жобаларын жарнамалау үшін заңды бұзғаны үшін 46 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Жосықсыз құрылыс салушылар заңсыз түрде үлескерлердің ақшасын алып, пәтер сатып жатыр. Проблемалық нысандар мен алданған үлескерлердің пайда болуына жол бермеу мақсатымен жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты істер полицияға және прокуратураға жіберілді. Тұрғындарға пәтер алу үшін күмән келтіретін құрылыс салушыларға қаражат бермеуге, оларға сенбеуге шақырамыз. Ақпарат пен рұқсат құжаттарын мұқият тексеріңіз» делінген әкімдіктің хабарламасында. Үлескерлердің қаражатын алуға рұқсат құжаттары жоқ құрылыс компанияларының тізімі:
  1. BS Company(«Би Эс Компани») ЖШС
  2. Хасенова Бибисара Закириевна
  3. «Шанг Хи Групп» ЖШС
  4. White Gold Development ЖШС
  5. First LQ ЖШС
  6. «Султан-Б» ЖШС
  7. NTB Projects ЖШС
  8. International invest Company IIC ЖШС
  9. Transcapital ЖШС
  10. «АстанаСтройДом» ЖШС
  11. «Азия» ЖШС
  12. King Development ЖШС
  13. «Актас-М» ЖШС
  14. Viva Grand ЖШС
  15. Ast-GA ЖШС
  16. Qaz Build ЖШС
  17. «Mainstreet» ЖШС
  18. «Арзан 777» ЖШС
  19. «Строительная компания Astana Building» ЖШС
  20. Enterprise Astana ЖШС
  21. «Жетісу» ЖҚ ЖШС
  22. «Градум Строй» ЖШС
  23. «Техмонтажстрой» ЖШС