Коронавирус пандемиясының қаупі әлі де бәсеңдеген жоқ, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресей Федерациясындағы өкілі Мелита Вуйнович айтты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы әлемнің түкпіріне жетпей оны тоқтату мүмкін емес. Вирус барлық елде бар. Маман тек инфекцияның адамнан адамға тарау деңгейін азайтуға болады. Ол эпидемияға қарсы қабылданатын шараларға байланысты.
Сарапшының сөзінше, коронавирустың бірінші толқыны болған елдерде екінші толқын да болуы мүмкін. Жергілікті халық инфекцияның қауіпті екенін түсініп, сақтық шарасын сақтау керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирусты пандемия деп жариялады. ДДҰ мәліметінше, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 4,9 миллионға жетті, 328 мыңға жуық адам қайтыс болды.