Мемлекет басшысы Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады
© сурет интернеттен алынды
142
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады. "Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.