Әлкей Марғұланға арналған көрме
Әлкей Марғұланға арналған көрме
346
оқылды

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Әлкей Марғұланның 115 жылдығына арналған көрме ашылды. Ғалымның мерейтойына орай ұйымдасты­рылған көрмеге «Дара тұлға» аты беріліп, 200-ге жуық жәдігер қойылған.

Әлкей Марғұлан – Қазақстан археология мектебінің негізін салған көрнекті ғалым. Оның қа­ламынан туған тарих, архео­ло­гия, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты он­даған кітап, үш жүзден астам ғы­лыми зерттеу және жүзден ас­там энциклопедиялық ма­қа­ла­лар бар. Өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап қазақ да­­ласындағы көне ескерт­кіш­терді зерттеуді қолға алған ғалым Же­тісу, Оңтүстік, Батыс аймақ­тар­­да ежелгі қала мәдениеті орын­дарын анықтап, Отырар, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарай­шық сияқты шаһарлардың бол­ғанын ғылыми тұрғыдан дәлел­де­ген.

Әлкей Марғұланның баста­ма­сымен құрылған Орталық Қазақ­стан археологиялық экспе­диция­сы біздің заманымызға дейін­гі ХІІ-VІІІ ғасырларға жа­та­тын «Беғазы-Дәндібай мә­де­ниетін» ашқан. Қарағанды қа­ла­сы маңындағы Дәндібай ауылы жә­не Балқаштың солтүстік төңі­ре­гіндегі Беғазы қойнауынан та­былған тарихи жәдігерлер – қо­ла дәуірінің ең үлкен ескерт­кіш­терінің бірі саналады. Бүгінде Әлкей Марғұлан аты берілген бұл экспедиция әлі күнге жұмы­сын жалғастырып келеді.


– Көрмеге 200-ден астам жә­ді­герлер қойылды. Олардың қа­та­рында археологиялық және ға­лымның пайдаланған жеке зат­тары қойылған. Көрмеге келу­шілер Әлкей Марғұланның аяқкиімі, көзілдірігі, чемоданы мен жеке архивінен алынған, көп­шілік назарына бұрын-соңды ұсынылмаған фотосуреттерін та­машалай алады. Жоспар бойын­ша, көрме алдағы 1,5-2 ай көлемінде ашық болады, – дейді мемлекеттік Орталық музейдің археология орталығының жетек­шісі Айтқұл Амантайұлы.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Әлкей Марғұланның шәкірті Жолдасбек Құрманқұлов 24.kz тілшісіне берген пікірінде ғалымның еңбекқорлығын бы­лай еске алады:

– Үш айдан көп уақыт таңнан кеш­ке дейін бірге отырып жұмыс істедік. Сондағы менің көргенім: бір кітапта кейде қайталау, кейде жетпей жататын тұстары болады. Осыны айтсам, «Ә, Жолдасжан қалдыра ғой» дейді. Таңертең кел­сем, екінші нұсқасы дайын тұра­ды. Тіпті үшінші нұсқасын да алып келеді.

Әлкей Марғұланның бүкіл Қа­зақстан аумағындағы әртүрлі ар­хеологиялық ескерткіштерден тапқан артефактілері Мемле­кет­тік орталық музей қорында сақ­талған. Музейде қола дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі хро­нологиялық шеңберді қамтитын қоныстар, обалар, қорғандар мен қала орындарынан табылған жәдігерлер бар.


Кәусар АХМЕТ