Димаштың жанкүйерлері оның туған күніне 3 мыңға жуық көшет отырғызды
Димаштың жанкүйерлері оның туған күніне 3 мыңға жуық көшет отырғызды
110
оқылды
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оның туған күніне 3 мыңға жуық көшет отырғызды. Бұл туралы әншінің фан-клубы Instagram желісінде мәлімдеді. «Димаштың 26 жасына арнайы сыйлық. Dears (фан-клуб) Димаштың атынан Қытайдың солтүстік-батысындағы шөл далаға 2780 түп ағаш отырғызылды. Бұл құм дауылын тоқтатуға, жел ықпалын азайтуға және қоршаған ортаны жақсартуға көмектеседі. Қоғамның жақсаруы барлық заманда маңызды. Біз Димаштың сүйіспеншілігі мен мейірімін үнемі есте сақтаймыз. Сондықтан осындай жүрек Жер шарын жақсартатынына үміттенеміз», - деп жазылған жанкүйерлер парақшасында. Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. https://www.instagram.com/p/CAblazSA5Jd/