Блокпосттан өткізу үшін пара алған әкімдік қызметкеріне 13 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
Блокпосттан өткізу үшін пара алған әкімдік қызметкеріне 13 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
© сурет интернеттен алынды
174
оқылды
Алматыда блокпосттан азаматтарды кедергісіз өткізген әкімдік қызметкері сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. «2020 жылдың 13 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы тұрғындарынан «Ащыбұлақ» шеңберіндегі №11 блокпост арқылы кедергісіз арлы-берлі өтулері үшін бірнеше мәрте жалпы сомасы 380 мың теңгеден асатын параны алғаны үшін Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы С.Оразов сотталды», - делінген ведомство ақпаратында. Сот үкімімен оған 13 млн 300 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.