Балалар құқығын қорғау саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер талқыға түсті
Балалар құқығын қорғау саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер талқыға түсті
© сурет интернеттен алынды
Парламент Мәжілісінде "Балалардың құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралуда. Қазіргі таңда екі мәселе бойынша талқылау жүріп жатыр, - деп мәлімдеді "Балалардың құқығын қорғау бойынша республикалық кеңес" төрағасы Динара Зәкиева. "Біріншіден, отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұрып-соғуға тыйым салу және баланың денсаулығына зақым келтіргені үшін тиісті жауапкершілік жүктеу қажеттілігі бар. Екінші мәселе ата-ананың жауапкершілігіне қатысты. Бала үшін ата-анадан кейін мемлекеттік органдар мене қоғам жауапты болуы керек пе? Өкінішке орай, күннің астында тұрған машинаға қамап кету салдарынан бала көз жұмған жағдайлар да болды", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. Динара Зәкиева әлеуметтік желіде осы мәселелер бойынша желі қолданушыларының пікірін сұраған.