8 мың азаматқа 50 мың теңге берілді
8 мың азаматқа 50 мың теңге берілді
123
оқылды
Nur Otan партиясының #BizBirgemiz республикалық акциясы Ақмола облысында да жалғасын табуда. Аталған науқан аясында 8 075 ақ­молалық тұрғынға азық түрін­де, 8 005 азаматқа 50 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсетілді. – Төтенше жағдай кезінде облысымыздағы жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көп­балалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеу­меттік пакеттер үлестірілді. Сонымен қатар акция шеңберінде 8 005 адамға 7 санат бойынша 50 мың теңгеден бір реттік ма­те­риалдық көмек берілді. Тағы да мобильді топ халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік тауар­лары мен гигиеналық заттарды таратты, – деп жазды Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі. Көмекке қол жеткізген көк­шетаулық тұрғын Екатерина Анищенко аймақтық Birgemiz Aqmola қорына алғысын жет­кізді. – Мен мектеп жасындағы 4 баланың анасымын. Қоғамдық қор маған бір реттік көмек ақша мен азық-түлік салынған корзина берді. Бұл бастаманы бастап, қол ұшын созған партиялықтардың жұмысына алғысым шексіз, – деді Екатерина Анищенко. Қазіргі кезде де штаб жұмысы жалғасуда. Күн сайын волонтерлер «Есіктен есікке дейін» қағидасы бойынша азық-түлік салынған пакетті мұқтаж жандардың үй­ле­ріне дейін жеткізіп беріп жатыр.  

Әбілмансұр ЖАСАН