Қаладағы муралдар жайында не білеміз?
Қаладағы муралдар жайында не білеміз?
523
оқылды
Қала ішін аралай жүріп, елорда көшелерінің арасынан көрікті де көркем суреттерге көз түседі. Олар – мурал. Ол негізінен үйлердің қабырғасына салынатын ірі көлемдегі сурет. [caption id="attachment_45562" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Соңғы салынған мурал – Бауыржан Момышұлының жас кезі. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қазақтың біртуар азаматы, Кеңес Одағының Батырына арналған болатын. Суретті Тәшенов көшесі 10-шы үйден көруге болады.  width=Батырдың суреті әйел адамның алақанында тұр. Жоба жетекшісі Кристина Бекмурзаеваның айтуынша, бұл алақан майданнан сүйген жары мен ұлын күткен ананың алақаны. «Осы бір қанды соғыстың ешбір отбасын айналып өтпегенін көрсеткіміз келді. Олардың елі үшін, жері үшін, бүгінгі жас ұрпақ үшін күрескенін жеткізуге тырыстық» дейді ол. Бұл суретті салуға олар бір айдан астам уақыт дайындалған. Бірақ бір апта ішінде салып бітірді.

Муралдың авторлары – Ержан Танаев пен Али Закир. Олар Nigrohaudcrew командасының граффитті-суретшілері.  Қазақстан бойынша олардың 15-тен астам ауқымды жұмысы бар. Соның ішінде кешегі дәрігерлерге арналып салынған мурал. Дәрігерлердің суреті Сарыарқы көшесі 19 тұрғын үй кешенінің қасбетінде тұр. Үй медициналық университеттің қасында орналасқан. Бұл сурет қала әкімдігінің қолдауымен салынған екен.

[caption id="attachment_45564" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Мурал салудағы басты мақсат – дәрігерлерге алғыс білдіру! Қазір олар коронавируспен күресіп жатыр. Біз үшін медицина саласындағы әр қызметкер – батыр. Мемлекет басшылығы дәрігерлерге қолдау көрсетіп жатыр. Біз де өз үлесімізді қосқымыз келді. Дәрігерлердің еңбегін қаншалықты бағалап, мақтан тұтатынымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олардың құрметіне сурет салуды жөн көрдік, – дейді  суретшілер Али Закир мен Ержан Танаев. [caption id="attachment_45577" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Екеуі муралды екі күн ішінде салып бітірген. Барлығы – 20 сағат уақыт кеткен. Ал былтыр Urban Art Astana фестивалі қарсаңында үш сурет  салынған екен. Оларды негізінен Сарыарқа ауданынан көруге болады. Мәселен, Қосшұғыл 25-ші үйде  «Адам, табиғат, қала» муралы бар. Оның авторы мәскеулік суретші Никита Ходак есімді жігіт. Ал оған көмектескен елордалық шебер Ринат екен. Бұл – оның алғашқы жұмысы.   – Муралда астана картасының бір бөлігі сипатталған. Оған қоса, табиғатты да көруге болады. Осының бәрі  экология мәселесін қозғап отыр, –  дейді қала тіршілігін көрсету мақсатында адам мен табиғаттың байланысын мысалға алған ол. Муралда бейнеленген қыз – астаналық, есімі – Әлия. Оны суретке түсірген танымал фотограф Женя Волков.  width=Urban Art Astana PR-менеджері Алтынай Қамбекованың айтуынша, үй қабырғасына сурет салуға 5 күннен 10 күнге дейін уақыт кетеді. Сурет қала әкімдігі мен үй тұрғындарының келісімінсіз салынбайды екен. Тіпті, қабырғаға қандай сурет салатынын тұрғындар ортақ чат арқылы таңдапты. Екіншісі, табиғатқа арналған коллаж. Бояуының өзі кәсіби финдік. Ол арнайы суыққа да, ыстыққа да тұра алады. Сонымен қатар сурет он жылға дейін сақталады екен. [caption id="attachment_45574" align="alignnone" width="683"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] «Ел қорғаушысы» суреті Астананың 20 жылдығына орай фестивальге қатысып, іріктеуден өтпей қалған. Содан желіге салынған бұл бейне ел арасында үлкен сұранысқа ие болған. Міне, оның салынуының себебі – осы. Суреттің дәл ортасында қаршы шыңдардың иесі, ақ барыс. Ақ барыс – күш пен еркіндіктің нышаны. Ал көктегі қанатын жайған бүркіттің жер бетін шуағына бөлеп тұрған күнге қарай ұшып бара жатқаны бейнеленген.   [caption id="attachment_45576" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Сондай бүркіттің біреуі  Сарыарқа даңғылы 18-де бар. Илья Соколов бұл суретті бес күнде салып шыққан. Биші жігіт "осы арқылы еліміздің құндылығын көрсеткім келді" дейді. Соның қарсы бетінде 310 арт-топтың суретшілері жазушы Сәкен Сейфуллинді бейнелеген.  [caption id="attachment_45583" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Бұл жерде жай ғана көркем сурет емес, цифрлы технологияда салынған бейне. Желтоқсан 6 көшесінің бойында Cross тобы "Қыз қуу" суретін салған. Ол топ негізі Шымкенттікі. [caption id="attachment_45599" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Ал Бейбітшілік көшесіндегі 29-үйде "Ағашпен өмір сүру" муралы тұр. Ол сурет елді табиғатты аялап өтуге шақырады. Авторы – Асхат Ахмедьяров.  [caption id="attachment_45602" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Біржан сал 3 көшесінің бойында орналасқан "Сұлтандар" муралы 3D форматта жасалған. Суретші Дмитрий Левочкин мұнда Қазақстанның тарихы мен дәстүрлеріне акцент жасағысы келген.  [caption id="attachment_45604" align="alignnone" width="1024"] width= ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Авторлық стилистикада салынған келесі сурет – тарих. Кесте тігіп отырған қыз, негізі ел тарихының ақ-қарасын ажыратып, тарих бетін жинақтап отырғанын көрсеткісі келген.  [caption id="attachment_45605" align="alignnone" width="1024"]© Айтжан Мұрзанов © Айтжан Мұрзанов[/caption] Келесі сурет – Хазірет Сұлтан мешіті. Ол Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан. Абстракциялы элементпен салынған суретті ресейлік суретші салыпты.    width= Жалпы, қала әкімдігінің мәлімдеуінше, қабырғаға суреттер осы соңғы екі-үш жылда ғана салына бастаған. Сол аралықта салынған суреттердің берде-біреуін тұрғындар бұзған емес.