Саяси кеңестер бас қосты
Саяси кеңестер  бас қосты
202
оқылды

Nur Otan партиясы өңірлік филиалдарының саяси кеңестері отырысында сайлау қорытындысы мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Партияның Алматы облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев Орталық сайлау комиссиясының дерегіне назар аударып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Жетісу өңірінің тұрғын­дары бергенін атап өтті.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің облысымызда сайлаушылардың 77,4% дауысын жинады. Бұл – қолдау­­дың ең жоғарғы деңгейі. Миллионға жуық жетісулық сабақтастық, әділдік пен өрлеуді таңдады. Біздің штаб ха­лықпен 3 мыңға жуық кездесу өткізіп, күн сайын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, – деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Оның сөзінше, Birge акциясының аясында Алматы облысынан 56 мың өтініш түскен.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, партия саяси кеңесінің мүшесі Нариман Әбілшайықов өз сөзінде Алматы об­лысы штабының жұмысына тоқталды.

– Жетісулықтар бұл сайлауда жоғары нәтиже көрсетті. Бұл біздің ортақ жеңісіміз болды. Біз дамудың дұрыс бағытын таңдадық. Енді болашақ жетістіктер жолында Пре­зидент жанына бірігуіміз керек! – деді ол.

Петропавлда да сайлау қорытын­дысы бойынша атаулы жиын өтті. Өңірлік филиал төрағасының бірінші орынбасары Евгений Глотов Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан сөзіне назар аударды. Ел да­муының президент атаған он бағыты облыстық партия жұмысына негіз болады. Әсіресе, қазақстандықтарды халық табысының артуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, медицина мен білім беру саласының дамуы толғандырады.

– Әлеуметтік саясат ел азаматтары бейбіт өмір сүріп, жұмыс істеп, бала­ларын тәрбиелеуіне барлық жағдай жасау мақсатында жүзеге асып отыр. Табыстың әділетті бөлінуі өте ма­ңыз­­ды. Әртүрлі топтағы аза­мат­тардың баспаналы болуына ерекше көңіл бөлетін боламыз. Мұғалімдер мен дәрігерлер мәртебесін көтеретін заң қабылданады, – деді Евгений Глотов.

Айта кетейік, мұндай Саяси кеңестер жиыны Алматы, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының өңірлік партия филиалдарында да өтті.


Кәусар АХМЕТ