Төрт бала өлімінің шынайы себебі неде?
Төрт бала өлімінің шынайы себебі неде?
135
оқылды
Аягөздегі психоневро­логиялық патологиясы бар балаларға арналған  әлеу­мет­тік қыз­мет көрсету интер­на­тында орын алған жағдайды бұ­ған дейін де жазғанбыз. Бүгінде бұл мәселені Шы­ғыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз бақылауына алған. Көпші­лікті бір айдың ішінде төрт бірдей баланың өліміне соқ­тырған қандай себеп еке­ні алаңдатады. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат тілшілердің қатысуымен тікелей эфир өткізіп, онда Аягөз қала­сындағы балаларға арналған ма­ман­дандырылған әлеуметтік қыз­мет көрсету орталығында болған оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Онлайн брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Әлі­шер Мархабат аймақ бас­ш­ы­сы Даниал Ахметовтің тап­сыр­масымен құрылған ве­дом­ство­аралық комиссия мүше­лері іс материалымен толық танысу үшін балалар орталығына арнайы барғанын мәлімдеді. – Комиссия мүшелері меди­ци­налық құжаттаманы және бейне­бақылау камераларына тү­сі­рілген жазбаларды түгел қа­рап шықты. Анықталғандай, ба­­ла­лар бір уақытта қайтыс бол­маған. Өлімге әртүрлі туабітті аурулардың бір ай ішінде асқы­нып кетуі себеп болып отыр, – деді Әлішер Мархабат. Оның айтуынша, туабітті аурулары бар 18 жасқа дейінгі ба­лалар тәрбиеленетін мекемеде алғашқы өлім оқиғасы 2 сәуірде болған. Ол кезде 12 жастағы бала көз жұмған. Одан кейінгі жағдайлар 12 сәуірде (12 жасар бала), 20 сәуірде (14 жастағы бала) және 29 сәуірде (8 жасар қыз) тір­келген. Өкінішке қарай, төрт баладан да ата-аналары ерте­рек­те бас тартқан екен. – Дәрігерлердің тұжырымына сәйкес, балалар өлімінің қызыл­шаға еш қатысы жоқ. Мұны дә­­лел­дей­тін медициналық анық­та­­ма­лар мен актілер бар. Комис­сия жұмы­сының негізінде ішкі істер органдары оқиғаға қатысты қыл­мыстық іс қозғады, – деп то­лықтырды облыс әкімінің орын­ба­сары. Әлішер Мархабат заңбұзу­шы­лыққа жол берген лауазымды тұл­ғалар тиісті органдардың тек­серу нәтижелеріне байла­ныс­ты жауапкершілікке тартылатынын айтты. Облыс әкімінің орынбасары сонымен бірге Аягөздегі оқиғаға қатысты республикалық деңгейде мәселе көтерген мүмкіндігі шек­теулі балалардың құқығын қор­ғаушы әрі қайырымдылық жобаларының жетекшісі Аружан Саин ханыммен де бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайын екенін жеткізді.    width= Естеріңізде болса, бұған дейін қоғамда интернаттағы балалар қызылшадан ғана емес, ағзаның әлсіреуінен де көз жұмуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Алайда облыстың бас педиатры бұл мәліметті жоққа шығарды. – Асқынған коморбидті фон, туа­­бітті патология, кахексия өлі­м­ге себеп болды. Облыстық ве­дом­ствоаралық комиссия жұ­мысы барысында орталықтағы бар­л­ық 98 баланы тексердім. Олар ме­­дициналық және әлеуметтік қыз­метті толық көлемде алып жа­тыр. Тәулік бойы мекеме қызмет­кер­лерінің бақылауында, – деді облыстың бас педиатры Шолпан Мақашева. Айта кетейік, қызылша ауруы мекемеге карантинге дейін ен­ген. Нәтижесінде, 9 тәрбие­ле­ну­ші және 2 қызметкер ішек инфек­ция­сын жұқтырыпты. Бүгінде бұл орталықта 35 қыз бен 65 ұл тәрбиеленуде. Оның ішінде 24 баланың ата-анасы бар. 11-і тұрақты түрде келіп тұрады. Ал 7 ата-ана балаларының жағда­йын телефон арқылы сұрау­мен шек­теледі. 6 ата-ананы бала­ла­­ры­ның жағдайы мүлдем қызық­тыр­майтын көрінеді. Өкінішке қарай, 20 баладан ата-анасы мүлде бас тартқан. Соны­мен қатар мұнда 9 жетім бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қал­ған 5 бала бар. 42 баланың ата-анасы құқығынан айырылған. Ресми дерекке сүйенсек, мұн­дағы 85 тәрбиеленуші бала кезінен бері мүгедек. Ал 8 бала бірінші топтағы болса, 7 бала екін­ші топтағы мүмкіндігі шек­теулі жандар қатарына жатады. Қоғамды дүрліктірген Аягөз­дегі интернаттағы шуға қатысты көптің көңілін күпті еткен жайт– бір мекеменің мемлекеттік сатып алу сайтында қызыл балық, уылдырық секілді аса қымбат тағамдарға тапсырыс бергені. Бұл қаншалықты дұрыс шешім? Бұған жауап берген тиісті облыстық басқарма өкілдері мұның заңға ешқандай томпақтығы жоғын, республика бойынша қалыпты норма екенін алға тартты. – Мемлекеттік сатып алуға ке­л­ер болсақ, салалық ми­нис­тр­­ліктің 2015 жылғы бұй­ры­­ғында жазғы уақытта тағам­дар­ды пайдалану шығыны 10 па­йызға дейін өсетіні, соған сай ас мәзіріне қызыл балық, қызыл, қара уылдырық сияқты тағамдарды қосуға болатыны көрсетілген. Бұл жерде ешқандай да құпия жоқ, мемлекеттік са­тып алудың бәрі ашық түрде жа­­рияланады. Балаларды тамақ­тан­дыру Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын қа­таң сақтау негізінде жүзеге асы­рылады, – деді облыстық Жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бас­қар­­масының басшысы Жас­ұлан Сәрсебаев. Бұған қоса, бала­лар­ды коронавирустан қорғау үшін мекемеде карантин режимі енгізілгенін де мәлімдеді. Бұған дейін балалар мен мекеме қыз­мет­керлері COVID-19-ға сынама тапсырып, нәтижесінің бәрі теріс болып шыққан. Белгілісі, Аягөзде бұл бірінші рет шығып тұрған шу емес. Аталған мекемедегі кәмелетке тол­маған 3 бала 2019 жылдың нау­рыз айында бірнеше рет зор­лық-зомбылыққа ұшырады деген ақпарат тарап, мекеме басшылығы жауапкершілікке тартылған-ды. Болған жайдың дер кезінде алдын алмағаны және тиісті бақылауды әлсіреткені үшін облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының сол кез­дегі басшысы лауазымынан тө­мендетілген болатын. Қысқасы, Аягөздегі мекеме атышулы орын­ға айналып барады, тергеп-тек­се­рудің мұқият болғаны жөн шы­ғар.  

Дәурен АЛЛАБЕРГЕН, Шығыс Қазақстан облысы