Роналду жылды қорытындылады: Ол биыл қандай жетістіктерге жетті?
Роналду жылды қорытындылады: Ол биыл қандай жетістіктерге жетті?
174
оқылды

Роналду өзі биыл иек артқан жеңістердің барлығын тізбелеп шыққан

Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналду биылғы жылды қорытындылап, туриндік клубқа, Португалия құрамасына және жанкүйерлерге алғысын айтты.

Роналду өзі биыл иек артқан жеңістердің барлығын тізбелеп шыққан:

  • Италия Суперкубогындағы жеңіс голы;
  • А сериясындағы жеңіс, үздік ойыншы марапаты және 21 гол;
  • Ұлттар лигасындағы жеңіс, жартылай финалдағы хет-трик;
  • Чемпиондар лигасында 125 гол соғып, 100 жеңіс еншілеу тұрғысынан ол бірінші;
  • УЕФА-да 10 титулды жеңіп алған тұңғыш футболшы;
  • Ұлттық құрама қатарында жүріп; әлем чемпионатында, Еуропа чемпионатында, Конфедерация кубогында, Ұлттар лигасында, жалпы барлық ірі турнирлерде гол соғып шыққан алғашқы ойыншы;
  • Ұлттық құрама қатарында жүріп 10 ірі турнирде қатарынан гол соққан алғашқы ойыншы – 2004-2019 жылдар аралығында.
Еске салайық, футболшы мадридтік "Реалдан" туриндік "Ювентуске" былтыр жазда ауысып келген болатын. Алайда ол клубпен бірге Чемпиондар лигасында топ жара алмады. Жартылай финалда "Аякстан" жеңіліп жарыс жолынан шығып қалған. Осыдан кейін бас бапкер Массимилиано Аллегри қызметінен кетті. Роналду келесі маусымды да "Ювентус" сапында өткізбек.