Димаш "Әлем батыры" атанды
Димаш "Әлем батыры" атанды
© сурет интернеттен алынды
120
оқылды
Нью-Йорктағы танымал қазақ полицейі Димаш Ниязов әлемдік бокс кеңесінен "Hero of the World award", яғни "Әлем батыры" атағын алды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады. WBC ұжымына алғысын білдірген Димаш өзін "батыр" деп бағалаған оқырмандарына алғыс айтты. "Дүниежүзілік бокс кеңесінің "Әлем батыры" марапатына ие болдым. WBC-ге және мені батыр ретінде таныған адамдарға рахмет. Мен бар ынта-жігеріммен жұмыс істеуді және жастарға үлгі болуды жалғастыра беремін. Мен бұны бағалаймын!, - деп жазды Димаш Ниязов.