Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент Мәжілісінде әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі қызметін басқаруға Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын мақұлдады.
Райымкұлова Ақтоты Рахметоллақызы, 1964 жылы дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «композиция» және «фортепиано» мамандықтарын (1987 ж.), «композиция» мамандығының асистентурасын (1994 ж.) бітірді.
Сондай-ақ Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистратурасын (2007) тәмамдаған. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағының иегері.
1990-1991 жылдары – Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының оқытушысы.
1991-1994 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында асистентура-стажер.
1995-2011 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, Ректор көмекшісі, доцент, профессор м. а., әлеуметтік-экономиканы ұйымдастыру жөніндегі проректоры.
2003-2007 жылдары – Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композиция және оркестрлік дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі (қосымша).
2005-2007 жылдары –Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистранты.
2007-2008 жылдары – Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композитор және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.
2007-2010 жылдары – Ресей Федерациясы Үкіметіне қарасты Халық шаруашылық Халықаралық Бизнес академиясында «Совершенствование организационно-экономического механизма управления проектами в социально-культурной сфере» атты докторлық диссертацияны қорғап DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағын алды.
2013-2014 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында Ғылыми-шығармашылық істері жөніндегі проректоры.
2014 ж. маусым – 2014 ж. қараша – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төраға орынбасарының м.а.
2014-2016 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры және вице-министр қызметін атқарды.