Тоқаев браконьерлікпен күрескен Алматы облысының инспекторына алғыс айтты
Тоқаев браконьерлікпен күрескен Алматы облысының инспекторына алғыс айтты
132
оқылды
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат тапсырды. «Бүгін ел Президентінің тапсырмасымен, Алматы облысына жұмыс сапары барысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға алғыс хат тапсырдым», - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында. «Мемлекет басшысы инспектордың республикамыздың табиғи байлығын сақтауға қосқан айрықша үлесін атап өтті. Леонид Павлович 30 жылға жуық уақыттан бері инспекцияда табанды еңбек ете жүріп, браконьерлікпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Қылмыстық істерді ашуға да қатысуда», - деп атап өтті министр. Экология министрлігінің басшысы инспекторға «қазақстандықтардың тұма табиғаттың көрікті келбетін тамашалауына мүмкіндік туғызып жүрген айрықша еңбегі үшін» ризашылық білдірді.