Қарағанды облысында бір тәулікте 130 адам коронавирус жұқтырды
Қарағанды облысында бір тәулікте 130 адам коронавирус жұқтырды
© Тұрар Қазанғапов
99
оқылды
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 130 адамға көбейді, өсім - тәулігіне 43,3 пайызды құрады. "20 наурыздан 21 мамырға дейін 455 адам тіркелді, оның ішінде үшеуі қайтыс болды. 170 адам сауығып шықты, бұл вирус анықталғандардың 39,4 пайызы. Инфекция жұқтыру көрсеткіші - 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3 пайыз. Облыс бойынша күнделікті өсім - тәулігіне 43,3 пайыз", - деді Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров.
Оның айтуынша, коронавирус 9 қала мен аудандарда тіркелген.
"Қарағандыда - 172 жағдай, Теміртауда - 186 жағдай, Шахтинск - 10, Абай және Абай ауданында - 5, Жезқазған - 4, Бұқар Жырау ауданында - 26 жағдай, Саран - 11, Сәтпаев және Шет ауданында - біреуден. Басқа қалалардан келген 14 адам тіркелген", - деп атап өтті ол. Санитар дәрігерлер вирус жұқтырғандармен байланыста болған 10 045 адамды анықтады, оның ішінде 2267 адам олардың жақындары.