«Қазақмыс» АҚ тиесілі «Нұрқазған» кенішінде коронавирустық инфекцияның 133 жағдайы тіркелді. Кеніште қауіпті вирусты жұқтырған 54 адам Теміртау қаласының тұрғындары. 65 жұмыскер қарағандылық, 14 жұмысшы Бұқар Жырау ауданының тұрғындары. – Науқастармен қарым-қатынаста болған 1515 адам анықталды, оның ішінде 244 жақын байланыста, 1271 әлеуетті байланыста болған, – деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров. Бүгінгі таңда кеніш 1 маусымға дейін жұмысын тоқтатты. Байланыста болғандардың барлығынан ПТР-талдаулар алынды. Нәтижелер кейінірек белгілі болады.
Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы